НАТО күштері бүлікші деген күдікпен 10 адамды өлтірді

Халықаралық күштер Ауғанстанның солтүстігіндегі Талибан жетекшісін нысанаға алған операциясында кемінде 10 күдіктіні атып өлтірді.

Құндыз провинциясында жексенбі күні түнде жүргізілген әскери операцияда аймақтың Қанабад ауданындағы талибан жетекшісі Маулауи Захир де қаза тапқан.

Бұл туралы Құндыз провинциясының полиция басшысы Абдул Рахман Саедхали хабарлады. Бірақ НАТО күштері қаза болғандар арасында Захирдің бар екенін растамады.

Жергілікті полиция Ауғанстанның оңтүстігінде дүйсенбі күні көлік жарылып, үш полиция қызметкері мерт болғанын да хабарлап отыр.