Қырғыз мұғалімдері шерулерін жалғастырып жатыр

Қырғызстанның солтүстігіндегі Тон ауданында үш мектептің мұғалімдері наразылық шарасын қайта бастады деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Мұғалімдер жалақыны өсіруді талап етіп отыр.

Желтоқсан айында бірнеше мектеп оқытушылары шеруге шыққан соң үкімет қаңтардың 1-нен олардың жалақыларын 30 пайызға көбейтуге уәде етті. Осы айдың басында үкімет оқытушылардың айлығы ақпанда өседі деп жариялады.