Бразилиядағы су тасқыны 13 адамның өмірін қиды

Бразилияның Сан-Паулу қаласында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан сел жүріп, су тасқынынан кемінде 13 адам қаза болды.

Құтқару қызметінің хабарлауынша, Бразилияда дүйсенбіден бері жауған нөсерден өзен суы арнасынан тасып, көшкін жүрген.