АҚШ 26 компанияға қарсы санкция жариялады

АҚШ Иранның әскери бағдарламасына қатысы бар деген күдікпен 26 компанияға қарсы санкция жариялады.

Санкция ережесі бойынша, АҚШ азаматтарының бұл компаниялармен араласуына тыйым салынады және олардың АҚШ мекемелеріндегі есеп-шоттары тұтқындалады.

АҚШ қаржы министрлігінің хабарлауынша, Гонконг пен Мен аралында кеңселері бар бұл фирмалар Иранның ұлттық кеме компаниясымен, сонымен бірге сол елдің қорғаныс министрлігінің құрамына енетін әуе және ғарыш мекемелерімен байланыста болған.

АҚШ үкіметі «Иран ядролық қару-жарақ дайындап жатыр» деп күдіктенеді.