Биліктен құлатылған Тунис президенті Сауд Арабиясында

Биліктен қуылған Тунис президенті Зин әл-Абидин бен Али мен оның отбасы Сауд Арабиясына барған. Бұл туралы бүгін Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі хабарлады.

Тунисте бірнеше аптаға жалғасқан наразылық шарасынан кейін Зин әл-Абидин бен Али жұма күні елден қашып кетті. Ол Тунисті 23 жылдан астам уақыттан бері басқарып келді.

Премьер-министр Мухаммед әл-Ганнуши президент міндетін уақытша атқаратынын айтып, елдің Конституциясын құрметтеуге уәде етті. Сонымен қатар ол Тунисте тұрақтылық орнататынын атап көрсетті.

АҚШ пен Еуропа елдері тунистіктерді бейбіт түрде жаңа үкімет құруға шақырды.