Саакашвили Обамамен кездесті

Грузия президенті Михаил Саакашвили Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті. Ақ үйдің мәлімдеуінше, Обама мен вице-президент Джо Байден жұма күні америкалық дипломат марқұм Ричард Холбрукты еске алу рәсімінен кейін Саакашвилимен кездескен.

Екі ел басшылары Грузияның экономикалық дамуы мен сауда мәселесін талқылаған. Сонымен қатар кездесу барысында Кавказдағы қауіпсіздік пен Ауғанстандағы халықаралық күштердің жұмысы мәселесі көтерілген.

Грузияның Ауғанстанда 925 сарбазы бар.