BP мен "Роснефть" Арктиканы зерттеу жөнінде келісімге келді

British Petroleum мен Ресейдің мемлекеттік "Роснефть" компаниясы Арктикадағы энергетикалық ресурстарды зерттеу мақсатында келісім жасады. Жұма күні жарияланған келісімге сәйкес, "Роснефть" BP үлесінің 5 пайызыны иеленбек, ал BP "Роснефть" үлесінің шамамен 9.5 пайызына қол жеткізбек. British Petroleum компаниясының үлесі 8 миллиард доллар шамасында.

Аталмыш компаниялар Ресейдің Арктикадағы континеттік жер астын зерттеуді жоспарлап отырғандарын айтты. Бұл жерде миллиардтаған баррель мұнай мен газ болуы мүмкін делінеді.

"Роснефть" төрағасы Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Сечин BP-мен арадағы келісімді мадақтады.