Мысырда тағы бір адам наразылық ретінде өзін-өзі өртеді

Бүгін Каирдегі парламент үйі жанында бір ер адам өзін-өзі өртеп, наразылық акциясын жасады. Дүйсенбі күні де тұрмысына наразы болған тағы бір тұрғын парламент жанында өзін-өзі өртеген еді.

Мысырдағы бұл акциялар Тунисте 26 жастағы жігіттің елдегі жұмыссыздыққа наразылық танытып, өзіне өрт қойған оқиғасының жаңғырығы сияқты болып отыр.

Өзін-өзі өртеген жігіттің өлімінен кейін Тунисте жаппай наразылықтар күшейіп, оның соңы ел президентін биліктен кетірген болатын.

Мұндай оқиғалар Алжир мен Мавританияда да болды деп хабарлайды дерек көздері.