Қазақстан киік аулауға қарсы тыйымды тағы 10 жылға созды

Бүгін Қазақстан тұқымы азайып бара жатқан ақбөкенді (киікті) аулауға салынған тыйымды 2021 жылға дейін ұзартты.

2010 жылы қарашада шығарылған бұл шектеу баспасөзде жарияланған күннен бастап күшіне енді.

Әлемдік жан-жануарлар қоры ақбөкенді құрып бара жатқан аңдар қатарына енгізген.

Қытайда ақбөкеннің мүйізінен дәрі жасайды. Кейінгі кездері еш бақылаусыз аулағанның кесірінен киік қатты азайып кетті.