"Хезболла" қолдауындағы Микати - Ливанның жаңа премьері

Радикалды "Хезболла" қозғалысы қолдауындағы суннит үміткер Наджиб Микати Ливанның премьер-министрі болып тағайындалды. Президент Мишель Сулейман саясаткерге айналған миллиардер Микатиден жаңа үкіметті жасақтауды сұрады.

Микати жаңа үкімет құру жөніндегі келіссөздерді бейсенбіде бастайтынын мәлімдеді.

Бұдан бұрын премьер-министр міндетін уақытша атқарған Саад Харири "Хезболла" бақылауындағы үкіметке қосылмайтынын айтқан болатын.

Хариридің қолдаушылары Микатидің тағайындалуына наразылық танытты.