Тәжікстанда үйленетін шетелдіктер әйелдеріне пәтер алып беруі тиіс

Тәжікстан заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, осы елде үйленгісі келетін шетел азаматтары әйелдеріне пәтер алып беруі тиіс. Тәжік парламенті қолдап дауыс берген талап бойынша, бұдан былай шетел азаматтары үйленуге рұқсат алу үшін Тәжікстанда кемінде бір жыл тұруы керек.

Ресми өкілдердің айтуынша, бұл өзгерістер шетелдіктер тастап кеткен әйелдердің балаларына мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмекті қысқарту үшін жасалып отыр.

Тәжікстанда шетелдіктер арасында негізінен көршілес Ауғанстан мен Иран елдерінің азаматтары некеге тұрады.