Йемен шерушілері президенттің кетуін талап етіп жатыр

Йемен астанасында мыңдаған адам шеруге шығып, президенттің биліктен кетуін талап етіп тұр. Тілшілердің айтуынша, Сана қаласының кемінде төрт жерінде жиналған наразылық танытушылар Тунистегі жағдайды еске салып, үкіметке қарсы ұрандар айтқан.

Йемен президенті Али Абдуллаһ Салеһ 1978 жылдан бері билікте отыр. Ал Тунисті 23 жыл басқарған Зин әл-Әбидин Бен Әли осы айдың басында елдегі жаппай наразылық шаралары барысында биліктен құлатылған болатын.