БҰҰ комиссары: Египетте 300-ге жуық адам қаза тапқан болуы мүмкін

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Нави Пиллэйдің мәлімдеуінше, Египеттегі толқуларда 300-ге жуық адам қаза тапқан болуы мүмкін. Нави Пиллэй египеттіктерді сейсенбіге жоспарланған жаппай ереуіл барысында тыныштыққа шақырды.

Сонымен қатар ол Египет билігін қарапайым азаматтарды қорғап, күш қолданбауға шақырды.