Тегеран Гааганы дипломатиялық жанжал тудырды деп айыптады

Иран есірткі тасымалдады деген айыппен жазаланған әйелге байланысты Нидерланд үкіметі екіжүзділік танытып, дипломатиялық жанжал тудырды деп айыптады. Гаага дарға асылған Захра Бахрамидің сүйегін туыстарына қайтармай қойған Тегеранның әрекетінен соң осы елдегі елшісін кеңесуге шақырды. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Рамин Мехманпараст кейбір елдер Иранға саяси қысым көрсету үшін қылмысқа, есірткі саудасына байланысты істерді адам құқығы деп бүркемелейді дегенді айтады.