Египет 34 саяси тұтқынды босатты

Египет мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ел билігі Хосни Мүбәрәктің реформа жасау жөніндегі уәдесіне орай 34 саяси тұтқынды босатқан. MENA агенттігінің айтуынша, тұтқындар өткен айда бүліншілік басталған кезде абақтыдан қашып шығып, бірнеше күннен соң полицияға хабарласқан.

Құқық қорғаушы топтар Египетте саяси көзқарасы үшін қамалғандардың нақты саны белгісіз дегенді айтады.