Янукович Степан Бандераға «Украина қаһарманы» атағы берілгенін сынады

ХХ ғасырдың басындағы украин ұлтшылдарының көсемі Степан Бандераға қойылған жаңа ескерткіш. Львов, 4 ақпан 2010 жыл.

Украинаның жаңа президенті болып өзінің сайланғаны туралы ресми хабардан соң іле-шала ресейлік РТР телеарнасына берген сұқбатында Виктор Янукович өзіне дейінгі ел президенті Виктор Ющенконың жақында ғана Степан Бандераға «Украина қаһарманы» атағын беру туралы шығарған шешімін сынап-мінеді. Бұған қоса, Янукович билік басында Ющенко болған бес жылдың ішінде Украина кері кетті деп мәлімдеп, елдегі орыстілді тұрғындардың құқығын қорғауға шақырды. Сіздіңше, Украинаны алда не күтіп тұр?