Ертісбаев неден хабар берді?

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев қыркүйектің 16-ы күні "Свобода слова" газетіне берген сұхбатында осы айдың 3-і күні Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғанын және ол кездесуде президенттің 2012 жылғы сайлауға түсетіні жайлы білгенін жария етті. Кеңесші мәлім қылған бұл жайтқа қатысты әу бастан күмән бар ма еді?