Әзербайжан астанасында Иранға қарсы шеру өтті

Бүгін Бакудегі Иран елшілігі алдында Иранға қарсы шеру өтті деп хабарлайды Азаттық радиосының Әзербайжан қызметі.

Шерушілер Тегеранның Армениямен тығыз қарым-қатынастарына және бұқаралық ақпарат құралдарындағы Әзербайжанға қарсы мәлімдемелеріне наразылық танытты.

Иранның 76 миллион халқының шамамен 20 пайызы - этникалық әзербайжандар.