Мүбәрәк Каирден Шарм әл-Шейхке кетті

Каирде ондаған мың адам Египет мемлекеттік телеарнасының ғимараты мен президент сарайы алдында шеруге жиналды.

Хабарларға қарағанда, президент Хосни Мүбәрәк пен оның отбасы ел астанасынан Шарм әл-Шейхке кеткен.

18 күннен бері президентке қарсы жаппай наразылық шарасын өткізіп жатқан шерушілер елді 30 жыл басқарған Мүбәрәктің тезарада қызметінен кетуін талап етуде.

Мүбәрәк дәл қазір биліктен кетуден бас тартты.