Пәкістанда жанкешті үш сарбазды жаралады

Пәкістанның солтүстік батысындағы жанкештілік жарылыстан үш сарбаз жарақат алды. Армия өкілдерінің айтуынша, сенбі күні Хайбер Пахтунхуа өлкесінің Бхат Хела қаласындағы автобус аялдамасының жанында бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберген.

Пәкістан әскерилері 2009 жылы осы аймақта бүлікшілерге қарсы операция жүргізген болатын.