Әскер ереуілшілерді тарқатуға тырысып жатыр

Бүгін Египеттің әскер күштері әлі де орындарынан кете қоймаған шерушілерді алаңды босатып, үйлеріне қайтуға көндіру шараларына кірісті.

Әскерлер 18 күндік толқулар барысында президент Хосни Мүбәрак биліктен кеткендіктен, енді үйге қайтатын мезгіл туғандығын түсіндірмекке тырысқан.