Коммунистік халықтық партия сайлауға өз кандидатын ұсынды

Бүгін Астанада 5-сиезін өткізген Қазақстан коммунистік халықтық партиясы елде биыл өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысуды ұйғарды.

Сиез Қазақстан коммунистік халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбековті президенттікке үміткер ретінде ұсыну туралы шешім қабылдап, оның сайлауға түсетін тұғырнамасын бекітті.

Биыл Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-інде өтеді. Кандидаттарды ұсыну ақпанның 20-сына дейін жалғасады.