Президенттік сайлауға түсуге тағы бір үміткер өтініш берді

Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған тағы бір кандидаттан өтініш түсті деп хабарлады ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, «Нұр Ислам» туристік фирмасының директоры, Алматы облысының тұрғыны Қанат Тұрагелдиев өзін-өзі ұсынған.

Қазақстанда сәуірдің 3-інде өтетін президент сайлауына кандидаттарды ұсыну ақпанның 20-сында аяқталады.