Ливияда шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болған

Ливиядағы Бенгази қаласында оппозиция жетекшісінің тұтындалуына наразылық білдіріп шеруге шыққан жүздеген адам мен полиция арасында қақтығыс болғаны туралы Би-би-си хабарлады.

Кейбір деректер бойынша, оппозиция белсендісін қамаудан босатқан, алайда наразылық басылмаған.

Шеруге шыққандарға қарсы полицияның су бүріккіш пен көзден жас ағызатын газ қолданып, резеңке оқтармен атқылағаны айтылып отыр.