«Үлкен жиырмалықтың» қаржы министрлері Парижде кездеседі

Жұма күні «үлкен жиырмалықтың» қаржы министрлері Парижде жолығып, азық-түлік бағасының өсуіне арналған екікүндік келіссөз өткізеді.

Бүкіләлемдік Банк осыдан бұрын жариялаған баяндамасында Таяу Шығыстағы толқулардың бір себебі ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік бағасының қымбаттауы деп мәлімдеген. Азық-түлік бағасы қазір ең шырқау шегіне жетіп тұр.

Министрлер әлемдік валюта тұрақсыздығын да талқылайды. Сын айтушылар Қытай өз экспортерлеріне көмектесу үшін юаньнің курсын әдейі төмендетеді дейді.