Бахрейн патшасы ұлттық диалогқа шақырды

Бахрейн патшасы елдегі дағдарысты тоқтату үшін ұлттық диалогқа шақырды. Патша Хамад бин Иса әл-Халифаның ұлы Салманға барлық жақтармен келіссөз жүргізу тапсырылды деп хабарланып отыр.

Бұл елде бірнеше күнге жалғасқан толқулар барысында 4 наразылық танытушы қаза тауып, жүздеген кісі жараланды.

Бахрейндегі ең ірі оппозициялық шииттер блогы мүшелерінің айтуынша, диалог жүргізуді ұсынудың алдында үкімет алдымен отставкаға кетіп, Манама көшелеріндегі армия күштері шығаруы тиіс.