Берлин кинофестивалінің үш жүлдесі де Иран фильміне берілді

Берлин кинофестивалінің бас жүлдесі - «Алтын аюды»ирандық режиссер Асгар Фархадидің «Надер мен Симин, ажырасу» деп аталатын картинасы жеңіп алды.

«Ең үздік әйел бейнесі» және «Ең үздік ер бейнесін» сомдағаны үшін «Күміс аю» жүлдесіне де осы картинада басты рольдерді ойнаған актерлер лайық деп танылды.