Бірнеше партия президент сайлауына бойкот жарияламақ ойларын айтты

Алматыда «Конституцияны қорғайық» комитетінің жиналысы өтті деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі. Комитетке «Алға» оппозициялық партиясы, Қазақстанның коммунистік партиясы, «Ар. Рух. Хақ», «Аман-саулық» ұйымдары және бірнеше азаматтық белсенділер енген. Комитеттің мақсаты - Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялау.

Комитет халық арасындан насихат жүргізіп, мақсаттарына жетуге тырысатындарын айтады. Комитет өкілдері бірер күннің ішінде бойкот жариялайтындарын мәлімдейтіндерін айтты.