Шетелде емделген Сауд Арабиясы патшасы еліне оралды

Сауд Арабиясының патшасы Абдулла бірнеше ай уақыт бойы шетелде емделіп, бүгін еліне оралды. АҚШ-та беліне операция жасатқан патша Мароккода бір ай болды.
 
Патша Абдулла Таяу Шығыста толқулар болып жатқан тұста еліне қайтты. Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, еліне оралудың қарсаңында патша Абдулла халыққа берілетін бірқатар жеңілдіктерді жариялаған.