Жаңа Зеландияда зілзала құрбандарының саны 145-ке жетті

Жаңа Зеландияда зілзала құрбандарының саны өсіп жатыр. Осы уақытқа дейін 145 адамның қаза болғандығы расталды.

Құтқарушылар сейсенбі күні Крайсчерчте болған жер сілкінісінен аман қалғандарды іздеп жатыр.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 200-ден астам адам хабарсыз кеткен.