Ауғанстанда бомба жарылысы 8 адамның өмірін әкетті

Ауғанстанның оңтүстігінде бірнеше адам иттер төбелесін қарап тұрғанда екі бірдей бомба жарылып, кемінде 8 адамның өмірін қиған.

Қандағар провинциясының үкімет өкілі Залмай Айуби жарылыс Арғандаб ауданында орын алғанын айтты.

Қандағар аймағында НАТО мен ауған күштері талибан күштерін құртуға тырысып жатқанда, қақтығыс күшейіп тұр.