Дуамбеков сайлауға түспейтін болды

Президенттіктен үміткер ретінде өтініш тапсырған Мұсағали Дуамбеков өз кандидатурасын қайтып алды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бүгін Астанада журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Дуамбеков «қол жинау кезінде аймақтарда қиындықтар туғызды, жергілікті билік, әкімдер қол жинауға кедергі келтірді» деді. Сонымен қатар Дуамбеков президенттіктен үміткерлер - Ғани Қасымов, Мэлс Елеусіз және Жамбыл Ахметбековтерді «жасанды кандидаттар» деп атады.

«Жасыл әлем үшін» экологиялық қозғалысының жетекшісі Мұсағали Дуамбеков бұдан бұрын қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдайтынын мәлімдеген болатын.