Ұлыбритания үкіметі беймәлім ұшатын нысандар туралы ақпараттар жариялады

Ұлыбритания үкіметі беймәлім ұшатын нысандар туралы осы кезге дейін мемлекеттік мұрағатта құпия дерек ретінде сақталған 35 файлды интернетте жариялағаны жөнінде Би-би-си хабарлады.

Сегіз мың беттен асатын бұл құжаттарда белгісіз ұшатын нысандарды көргенін немесе байланыста болғанын айтқан әскерилер мен қарапайым адамдардың берген куәліктері жазылған.

Осы уақытқа дейін құпия саналып келген бұл материалдардың көпшілігі 1997-2005 жылдар аралығын қамтиды.