Франкфурт әуежайындағы атысқа қатысты тергеу басталды

Германия билік орындары Франкфурт әуежайындағы атысқа қатысты тергеу ісін жүргізіп жатыр.

Сәрсенбі күні әуежайда екі америкалық оққа ұшқан болатын. Полиция баспасөз хатшысының айтуынша, ұшқыштарды атқан 21 жастағы албан азаматының лаңкестікке қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. Наурыздың 2-сіндегі оқиғада сонымен қатар екі ұшқыш жараланған еді. Олардың бірі ауыр халде жатыр деп хабарланды.