Филиппиннің оңтүстігінде жер сілкінді

Филиппиннің оңтүстігінде магнитудасы Рихтер өлшемі бойынша 5,7 балл жер сілкінісі тіркелді.

Суригао дель-Сур провинциясындағы Карраскаль қаласының әкімдігі кейбір ғимараттардың қабырғалары жарылып кеткенін хабарлады. Жергілікті шіркеуге, жағалаудағы кейбір нысандарға зақым келген.

Үрейленген жұрт үйлерін тастап шыққан. Әзірге құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.