Үкіметтік емес ұйымдар коалициясы сайлауды бақыламақшы

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардан құрылған «Бірыңғай құқық қорғау орталығы» Қазақстанда сәуірдің 3-інде өтетін кезектен тыс президент сайлауын бақылайтын коалиция құратындарын мәлімдеді.

Бұл туралы коалиция өкілдері бүгін Астанада өткен баспасөз жиынында жария етті. Жиынға «Қазақстанда парламентаризмді дамыту» қоры, «Адам құқықтары мен демократия институы», «Ұлт бірлігі» қоры, «Адам құқықтары жөніндегі миссия» қоғамдық бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Коалиция өкілдерінің айтуынша, «Бірыңғай құқық қорғау» коалициясына Қазақстандағы 40-тан аса қоғамдық ұйымдар кіріп отыр.