Қытай премьері елдің экономикалық жоспарымен таныстырды

Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао елдің бесжылдық экономикалық жоспарымен таныстырды.

Сенбі күні Бейжіңде ел парламенті - Бүкілқытайлық халық өкілдері жиынының 10-шы сессиясын ашқан Цзябао осы жылы Қытай экономикасы шамамен 8 пайызға өседі деген болжам жасады. Оның айтуынша, үкіметтің басты мақсаты - инфляцияны бақылау.