Назарбаев қазақстандық әйелдердің пәренже киюіне қарсы екенін мәлімдеді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі әйелдердің пәренже киюіне қарсы екенін мәлімдеді. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

"Мен орамал байлап, пәренже киюге әрқашан қарсы болғанмын. Біздің әйелдер ешқашан оны кимеген, жүздерін жасырмаған", - деп мәлімдеген Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Түркістан қаласында шығармашылық өкілдерімен кездесуде.

Сонымен бірге ол "біз мұсылман қауымы өкілдерінің барлығына құрметпен қараймыз, бірақ біздің өз жолымыз бар" деп айтқан.