Ауғанстанда НАТО-ның екі сарбазы мерт болды

Ауғанстанның оңтүстігіндегі жарылыстардан 2 НАТО сарбазы опат болды. Сенбі күні коалицияның айтуынша, әлгі сарбаздардың екеуі де жұма күні қаза тапқан. Бірақ сарбаздардың азаматтығы мен олардың қалай мерт болғандығы туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

Осы айда Ауғанстанда қаза болған шетел күштерінің саны тоғызға жетті.