Жапониядағы апаттан қаза болғандар мен жоғалғандар саны 12 мыңнан асты

Жапонияда өткен аптада болған алапат жер сілкінісі мен цунамиден қаза болған және хабар-ошарсыз кеткен адамдар саны 12 мыңнан асты. Бұндай ақпаратты бүгін жапон полициясы таратты.

Киодо агенттігінің хабарлауынша, апат болған аймақта құтқарушылар тобының жұмыстары жалғасып жатқандықтан бұл сан әлі де өзгереді.