Ресей балықтардан радиация деңгейін тексеріп жатыр

Жапонияның атом электр стансасындағы апаттан кейін Ресей Тынық мұхитындағы балықтардан радиацияның бар-жоқтығын тексеріп жатқандығын хабарлады.

Ресейдің Владивостоктағы балықшылық зерттеу орталығы балықтарға қатысты сынағын жұма күні бастағанын мәлімдеді. Осы уақытқа дейін балықтардан радиация байқалмаған.