Иерусалимдегі жарылыстан бір адам қаза болды

Иерусалимдегі орталық автобус бекеті жанында жарылыс болып, кемінде бір адам қаза тапты. Сәрсенбі күнгі шабуылдан 20-дан астам адам жарақат алды.

Израиль билік орындары Иерусалимдегі жарылысқа палестиналық жауынгерлер кінәлі деп айыптады. Премьер-министр Беньямин Нетаняху Ресейге жоспарланған сапарын кейінге қалдырды.