Жапония атом электр стансасындағы жұмыс жалғасып жатыр

Жапониялық инженерлер Фукусима атом электр стансасындағы реактордың салқындату жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Зілзаладан зақымданған атом электр стансасындағы реактордан сәрсенбі күні қара түтін шыға бастаған соң Токионың электр қуаты компаниясы жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.

Сонымен қатар ресми өкілдер Токио құбырларындағы ауыз судың құрамында радиоактивті йодтың деңгейі сәбилер үшін қауіпсіз деп есептелетін дәрежеден екі есеге көп болып шықты деп ескерткен еді. Бүгін ресми өкілдер радиоактивті йод деңгейінің қайта төмендегенін хабарлады.