Қазақстан шетелде сайлау учаскелерін ашты

Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде 35 сайлау учаскесі ашылды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос консулдықтарда тіркелген азаматтар сайлаушылар тізіміне енгізілді деп атап көрсетті. Бұл туралы ол бейсенбі күні Астанада Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пьер Морелмен кездесуі барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, шетелдегі қазақстандықтар ашылған сайлау учаскелеріне барып, дауыс бере алады.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-де өтеді.