Сирияда ереуіл өтті

Сирияның оңтүстігіндегі Дераа қаласының тұрғындары медициналық мамандар мен үкіметке қарсы шерушілердің өлтірілуіне байланысты наразылық танытты. Бейсенбі күнгі ереуіл қала орталығына жақын әл-Махата ауданында өткен.

Адам құқығын қорғаушылардың айтуынша, үкімет күштері Омари мешіті жанында наразылық танытушылар мен медицина қызметкерлерін атып өлтіргеннен кейін бір күн өткен соң Дераадағы жағдай шиеленісе түскен.