Мьянмадағы жер сілкінісі 40 адамның өмірін қиды

Мьянманың солтүстік-шығысында күшті жер сілкінісінен 40-тан аса адам қаза болғаны туралы хабарланды.

Бейсенбі күні болған 6,8 магнитудалы жер сілкінісінің кіндігі Мьянма мен Таиланд шекарасындағы тауларда орналасқан делініп отыр. Жерасты дүмпулері Таиланд астанасы Бангкок пен Вьетнам астанасы Ханойда сезілген.

Мьянма мемлекеттік радиосының хабарлауынша, табиғи апат салдарынан 48 адам жараланып, 200-ден астам тұрғын үй, 14 буддистер ғибадатханасы мен үкіметтік мекемелердің 9 ғимараты қирап-бүлінген.