Лондон екі ливиялық дипломатты елден шығарды

Ұлыбритания екі ливиялық дипломатты елден шығарғанын хабарлады.

Сыртқы істер министрі Уилльям Хагтың мәлімдеуінше, Ливия дипломаттары Ұлыбританияның "мүддесіне қайшы әрекеттер жасағаны" үшін елден қуылған.

Осыдан 4 күн бұрын Триполидегі Ұлыбритания елшілігіне жасалған шабуылдардан кейін Ливия елшісі Омар Желбан Лондоннан шығарылған болатын.