Ливияда шайқас жалғасып жатыр

Ливияның Мисурата қаласындағы әуежайдың жанында көтерілісшілер мен Муаммар Каддафидің әскерилері арасында шайқас болды.

Көтерілісшілердің баспасөз хатшысы НАТО-ны Мисурата орталығын көтерілісшілерге тастап, қаланың сыртында шоғырланып жатқан Каддафи күштеріне шабуылдарын күшейтуге шақырды.

Басқа да хабарларға қарағанда, НАТО әскерилері Зинтан қаласына жақын жердегі үкіметтік қарулар қоймасына әуеден соққы берген.