Ресей жеңіс күнін үлкен парадпен атап өтті

Ресей Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңгеніне 66 жыл толған күнді әскери парадпен атап өтті. Ресейдің 20 мың жасағы Қызыл алаңда шеру өткізді. Ресей президент Дмитрий Медведев: «Бүгінде Ресей бейбіт ынтымақтастықтың негізгі принциптерін қатаң ұстанады» деді.

Ол соғыста Совет одағының 27 миллион адамы қаза тапты деген мәліметтер бар. Бұл күнді Совет одағының құрамында болған көптеген елдер атап өтеді.