Армения Ауғанстанға қосымша сарбаздарын жібереді

Армения заңшығарушылары Ауғанстандағы күштердің санын шамамен үш есеге көбейтуді қолдап дауыс берді.

НАТО жетекшілігіндегі халықаралық қауіпсіздік күштеріне көмектесіп жатқан армениялық сарбаздардың саны 130-ға жетпек. Ауғанстанда қазір 42 армениялық жауынгер бар. Олар Құндыз қаласының жанындағы әскери әуежайды күзетеді.